Қазақстанда рулі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылмақ
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі рулі оң жағында орналасқан көліктерді Қазақстанға әкелуге салынған тыйымды тағы жарты жылға ұзартпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stepbystep.com
Құжат 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда қаңтар айында рулі оң жағында орналасқан жеңіл көліктерді елге әкелуге тыйым салынған еді.
Шектеулерге төмендегі талаптар кіреді:
- екі немесе төрт жетекші дөңгелегі бар жоғары қозғалмалы моторлы көлік құралдары, мотоцикл (седла) типті орындықпен, екі алдыңғы дөңгелегі қолмен басқару тетіктерімен жабдықталған;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1000 см³ астам, бірақ 1500 см³ артық емес;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 3000 см³ артық емес;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 3000 см³ астам;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ аспайтын;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 2500 см³ артық емес;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 2500 см³ астам;
- Поршенді қозғалтқышымен немесе электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін көлік құралдары, электр қуатының сыртқы көзіне қосу арқылы зарядталатындардан басқа.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"