Қазақстанда ПТР тестілеудің бағасы бір айдың ішінде арзандайды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеудің бағасы қашан арзандайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта кейбір қарғаныс құралдары мен коронавирусты анықтайтын тестердің бағасы бір айдың ішінде арзандайтынын жеткізді. Оның сөзінше баға 22%-ға дейін төмендейді.
"Шығын материалдарың нарықтағы бағаларының төмендеуіне байланысты министрлік ПТР зерттеулерінің тарифтерін 22% дейін төмендету туралы ұсыныстар дайындады. Атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдары мен тест жүйелерінің құны төмендетілді. Қажетті келіссөздерден кейін тариф ағымдағы айдың соңына дейін бекітіледі.
Қазір болжам бойынша қарап отырмыз. Шамамен 11 мың теңгеден 8900 теңгеге дейін төмендеуі тиіс. Бұл есептеулер қазір жүргізіліп жатыр, оларды тікелей салалық қауымдастықтармен, "Атамекенмен" пысықтап жатырмыз", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест құнын төмендетуді тапсырған еді.
"Зертханалар желісінің кеңеюіне және бүкіл әлемде тестілеу құнының төмендеуіне қарамастан, бізде бағалар жоғары болып отыр - 10-нан 18 мың теңгеге дейін. Бұл халықтың едәуір бөлігі үшін қолайсыз сома деп ойлаймын", - деді президент 7 қазанда коронавирустық пандемияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте.