Қазақстанда педофилдерге электронды білезік тағылады
2022 жылдың қаңтарынан бастап педофилдерге электронды білезік тағылады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол пробациялық бақылауды дамыту үшін электронды білезіктер енгізіліп жатқанын айтады.
"Биыл біз осы жұмысты пилоттық жобада бастаймыз. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды білезіктер педофилдерге тағылады", - деді Тұрғымбаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Министр Қазақстанда зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылғанын еске салды. Енді осы қылмыс үшін сотталғандарға мерзімінен шартты түрде босату және рақымшылық шаралары қолданылмайды.
Былтыр жазда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев министрлік сотталғандарға электронды білезік сатып алмайтынын мәлімдеген еді. Ол электронды білезіктер өте қымбат екенін, ал сотталғандарды қосымша арқылы бақылауға болатынын айтты.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?