Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорқытқым келді": Театр әртісі 11 жастағы жасөспірімге оқ атты

Күдікті бала оқ атты
Фото: Видеодан скрин/Күдікті

Санкт-Петербургте 23 мамыр күні 38 жастағы ер адам Минск көшесінің маңында көшеде саксофон тартып тұрған балаға пневматикалық қарудан оқ атқан. Бала ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күдікті, Мариин театрының әртісі тергеу барысында 11 жастағы музыкант баланы қорқытпақ болып терезеден оқ атқанын айтты. Оның сөзінше, бала ұйықтауға кедергі келтірген.

"Пневматикалық тапаншадан аттым. Бала ұйықтауға кедергі болды. Мен оны қорқытып, шошыту үшін ғана аттым", – деді ол.

Ол тек бір рет атқанын айтып, өз кінәсін мойындады.

Осы оқиға бойынша ер адамға "Бұзақылық" бабы (РФ ҚК 213-баптың 2-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды.

78.ru телеарнасының мәліметінше, оқ атқан адам 2021 жылдан бері Мариин театрының әртісі болған. Ол Қазақстанда дүниеге келген. Анасы – балерина, әкесі – балет солисі. Күдікті "Миманс" (мимикалық ансамбль) құрамында жұмыс істейді. Ресей азаматтығын 2008 жылы Татарстан Республикасында алған. Одан "Макаров МР-654к" пневматикалық газбаллонды тапанша тәркіленді.

Баланың жағдайы қалай?

Жарақат алған бала Раухфус атындағы балалар ауруханасына бет аймағындағы жарақатпен және иек тұсындағы бөгде затпен жеткізілген. Дәрігерлер оқушының иегінен оқты алып тастады. Құқық қорғау органдары оқтың қалай тигенін анықтап жатыр.

"Фонтанка" мәліметінше, 11 жастағы бала 23 мамыр күні күндіз Мариин театрының маңында пневматикалық тапаншадан атылып жараланған. Ол ауруханаға . Дәрігерлер оқты алып шыққан.

"Фонтанка" оқырманы тәртіп сақшыларының адамдардан жауап алып жатқанын айтты. Оқиға бойынша тергеу комитеті тексеру жүргізіп жатыр. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 25 Мамыр, 2026 12:53