Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 5 маусымнан бастап электр энергиясының бағасы қымбаттамақ

Астана жарық тариф
Фото: magnific.com

Табиғи монополияларды реттеу комитетінде өткен қоғамдық тыңдауда "Астана-РЭК" басқарма төрағасы Руслан Абжанов электр энергиясының тарифін 31,18 теңгеден 35,07 теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Руслан Абжановтың сөзінше, компания электр энергиясының шекті бағасын 31,18 теңгеден 35,07 теңгеге дейін көтеру туралы өтінім берген. Бұл шамамен 12,5% өсім деген сөз. 

Қоғамдық тыңдауларда айтылғандай, тарифтің көтерілу себепері:

  • Электр энергиясын сатып алу мен тасымалдау бағасының қымбаттауы;
  • KEGOC шығындарының артуы;
  • Астанада жарық тұтынудың жалпы өсуі.

Компанияның түсіндіруінше, Астана қаласы қарқынды түрде салынып жатыр: жаңа тұрғын үйлер мен нысандар көбейген сайын қалаға электр энергиясы да көбірек қажет болып отыр.

Сонымен қатар "Астана-РЭК" тарифтерді ұстап тұру саясаты мен дифференциалды тарифтер қолданылуы салдарынан пайда болған шығындарды өтеу қажет екенін айтты.

Жаңа ережелер 6 маусымда күшіне енуі мүмкін. Себебі тарифтерді қарастыру мерзімі әдетте өтінім берілген күннен бастап шамамен бір айға созылады, ал өтінім 6 мамырда берілген.

Қосымша фактор ретінде Астанада электр энергиясын тұтынудың артуы көрсетілді. Компания мәліметінше, 2026-2027 жылдарға жоспарланған электр энергиясын сатып алу көлемі 4 575 493 мың кВт⋅сағ болады. Бұл бұрын бекітілген көлемнен 498 442 мың кВт⋅сағ көп, яғни шамамен 12,2% өсім.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 25 Мамыр, 2026 14:57