Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда папилломавирусқа қарсы вакцинаға 9 миллиард теңге жұмсалмақ

Қазақстан адам папилломавирусына қарсы 350 мың доза вакцина сатып алуды жоспарлап отыр. Бұған 9 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады деген болжам бар. Мұны денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Денсаулық сақтау вице-министрі папилломавирусқа қарсы вакцинаның екі кезеңде жүргізілетінін түсіндірді. Сондықтан алдағы оқу жылында екпе алу жоспарланған 170 мың қыз балаға 350 мың доза қажет.

Сонымен бірге денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның жеткізушісі мен өндірушісін әлі анықтаған жоқ. Бірақ таңдау аз. Әлемде тек төрт фармацевтикалық компания жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын вирусқа қарсы иммундау үшін дәрі шығарады.



“Бұл вакцинаның екі өндірушісі бар. “Гардасил” бивалентті вакцина шығарады, ал АҚШ екі түрін шығарады – төрт валентті және тоғыз валентті. Біз қандай вакцинаны сатып алатынымызды анықтап жатырмыз. Бюджет, қателеспесем, шамамен 9 миллиард теңге”, – деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова. 

Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылдан бастап 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина салынатыны айтылған.

Талқылау