Қазақстанда орыс тілі ресми мәртебесінен айырылады деген ақпарат тарады: Депутат жауап берді
WhatsApp мессенджері арқылы "Қазақстанда орыс тілінің ресми статусын алып тастамақ" деген ақпарат тараған. Мәжіліс депутаты Қазбек Иса ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
"Бүгін интернет желілерінде мені Конституциядан орыс тілін алып тастауды ұсынды және оны 39 депутат қолдады деген ақпарат тарады. Негізі бұл сөздер менің сөздерім контексінен үзіп алынғанын хабарлаймын.
Осы өткен сәрсенбіде мен депутаттық сауал жасағанда қазақ тілі мемлекетттік тіл ретінде Конституцияда бекітілгенмен, бірақ осы уақытқа дейін Мемлекеттік тіл туралы арнайы заң жоқ! Өйткені, Конституцияда көрсетілген мемлекеттік статустың өмірде іске асуы үшін арнайы заң қабылдануы керек еді.
Сондықтан да мемлекеттік органдарға қазақ тілінде хабарласқандар сол мемлекеттік тілде жауап ала алмайтын жағдай жиі кездесуде. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлердің көбісі мемлекеттік тілді білмейді, тек орыс тілінде сөйлейді. Бұл жерде ұлты қазақ азаматтар тілдік дискриманцияға ұшырап келеді 30 жылдан бері.
Сондықтан мен 2012 жылы “Ақ жол” партиясының мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру жөнінде заң жобасын жасағанын, оны Үкімет тоқтатып тастағанын еске салдым", – деді ол.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
