Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өлімге әкелетін пневмонияның жаңа түрі тарауда: Денсаулық сақтау министрлігінде түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық БАҚ-тардың Қазақстанда өлімге әкелетін пневмонияның жаңа түрі таралып жатыр деген ақпаратын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пневмония

"Қытайдың кейбір БАҚ-тарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда көп өлімге әкелетін белгісіз пневмония жағдайлары байқалғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сай еместігін ресми түрде мәлімдейді", - деді ведомстводағылар.

Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ аурулардың халықаралық тізіліміне– АХТ-10-ға пневмонияны есепке алатын кодтар енгізгенін атап өтті. Мысалға, "күңгірт шыны" симптомы кезінде өкпенің зақымдануында, КВИ клиникалық және эпидемиологиялық түрде дагностикаланады, бірақ зертханалық түрде расталмайды.

Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты, осындай пневмонияға мониторинг жүргізеді, бұл басқару шешімдерін уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

9 шілде күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша жалпы елдегі сандар туралы айтты: соның ішінде бактерия, зең, вирус тудыратындар, соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес "белгісіз этиологиядағы вирусты пневмония" бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр