Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оқушыларға берілетін материалдық көмектің ең төменгі мөлшері белгіленді

Биыл әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін материалдық көмек сомасының ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге болып белгіленді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Өткен жылы біздің министрлік көп балалы және аз қамтылған ата-аналардың талаптарын ескере отырып, мектеп қажеттілігіне қаражат аудару туралы Үкімет қаулысына өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге болып белгіленді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бөлінетін сома 17 мыңнан басталған еді" - деді Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ата-аналарға баласына мектеп формасы мен оқу құралдарын алу кезінде таңдау беріледі.

"Енгізілген өзгерістер ата-аналар мен балаларға бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын, әрі жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған жаңашылдық балаларға бұрыңғыдай сапасыз тауарлардың берілуіне жол бермейді", - дейді министрдің орынбасары.

Талқылау