Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда оқушылар қашықтан білім алады": Білім министрлігі түсініктеме берді

Желіде қазақстандық оқушылар 1 қыркүйектен бастап қашықтан білім алады деген ақпарат пайда болды. Бұған қатысты білім министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бірінші тоқсан шалғайдағы шағын жинақты ауыл мектептерін қоспағанда, еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сыныптарда қашықтан басталады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады", – деп жазды Facebook-тегі Gulnara Astana қолданушысы.

Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл жалған ақпарат. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ", – деп жазды министрліктің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева.



"Жалғыз жол – дәстүрлі оқу форматына көшу. Үкіметке оқушылар мен студенттердің жаңа оқу жылында дәстүрлі оқыту форматына оралуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Коронавирустың жаңа штаммдары пайда болған жағдайда бұл міндетті орындау оңай емес екені түсінікті", – деді Тоқаев.

Білім министрлігінің басшысы, егер ел халқының көп бөлігі коронавирусқа қарсы егілсе, жаңа оқу жылында оқу орындарын ашуға болады деп мәлімдеді. Нұр-сұлтан әкімі балалардың мектеп партасына оралуы үшін барлық педагогтарды вакцинациялау қажеттігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында пандемия оқушылардың білім сапасына кері әсерін тигізгенін айтқан болатын.

Талқылау