Қазақстанда оқушылар арасында 104 бала коронавирус жұқтырды
Қазақстанда оқушылар арасында 104 бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысы кезінде мектеп оқушылары арасында вирус жұқтыру динамикасына тоқталды. Қазақстанда кезекші сыныпқа барып жүрген 33 бала, қашықтан оқып жүрген 71 балада вирус белгілі болды.
- Қазақстанда күзгі каникулдың уақыты белгілі болды
- Екінші сынып оқушыларының мұғалімі сабаққа балта алып келген
"Мекеп оқушылары арасында вирус жұқтыру мәселесіне тоқталғым келеді. Оқу жылы басталғалы бері оқушылардың арасында 104 балада коронавирус инфекциясы анықталған. Олардың ішінде кезекші мектепке баратын 33 бала бар. Вирус жұқтырғандармен байланыста болған 550 адам тіркелді. Олардың арасынан 7адамда коронавирус анықталды. Қашықтан оқып жатқан 7 балада коронавирус белгілі болды. Олармен байланыста болған 240 адам тіркеліп, 15 адам вирус жұқтырған", - дейді Алексей Цой.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"