Екінші сынып оқушыларының мұғалімі сабаққа балта алып келген

Ресейдің Оха қаласында әдебиет пәнінің мұғалімі екінші сынып оқушыларының сабағына балта алып келді.

балта

Мұғалімдер сабақты дұрыс түсіндіру үшін әртүрлі заттарды жиі пайдаланады. Алайда Охада әдебиет пәнінің мұғалімі сыныпқа балта әкелген.

РИА Новостидің хабарлауынша, екінші сынып оқушыларының әдебиет сабағы кезінде көрнекі құрал ретінде балтаның болғаны расталды. Қазір оқу орнының әкімшілігі істі тексеріп жатыр.

Облыстық білім министрлігі мұндай затты көрнекі құрал ретінде қолдануға жол бермейді деп санайды. Бұған дейін екінші сынып оқушыларының бірінің анасы ұлының мектепке баруға қорқып жүргенін айтқан. Оның айтуынша, баласы екпінді дұрыс қоя алмай қателескенде мұғалім балтаны сөмкесінен алып шыққан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр