Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 426 оқушы Covid-19 жұқтырған
Оқу жылының басынан бері Қазақстанда мектеп оқушылары арасында Covid-19 жұқтырудың 426 жағдайы тіркелді, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әр жағдай бойынша эпидемиологиялық тергеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша аталған балалардың ауруды демалыс уақытында жұқтырғаны және коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастармен байланыста болғаны анықталды”, – деді Зәуре Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, барлық байланыста болған 3 мыңнан астам оқушыға ПЦР-зерттеу жүргізілген. Олардың үшеуінде ғана ПЦР тесті коронавирус инфекциясының бар екенін растады.
Республика мектептеріндегі 241 сынып карантинге жөнелтілді. 356 сыныпта бір ауру жағдайы тіркелсе, 62 сыныпта – әрқайсысы екі жағдай, 11 сыныпта – үш жағдай тіркелген.
Алматыда 23 сынып карантинге жабылған, барлық мектептер офлайн форматта жұмысын жалғастыруда.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"