Қазақстанда оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады
Педагогтердің республикалық тамыз конференциясында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Kstnews.kz
"Елімізде "Цифрлық педагог" жобасы басталады. Қазіргі кезде оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар. Осы балаларды аталған жобамен қамтимыз. Оқу үлгерімі төмен балалар үшін әр жұма сайын бірнеше пән бойынша қосымша сабақтар беріледі", – деді Аймағамбетов.
Осы орайда ол бұл балаларға психологтар да көмектесетінін айтты.
"Бұл жобаны жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық өңірінде енгіземіз", – деді ведомство басшысы.
Бұдан бұрын келесі жылы балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға көтерілетінін айтқан болатын.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.