Қазақстанда Назарбаев Университеті үлгісінде екі ЖОО құрылады
Қазақстанда Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік ЖОО құрылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Педагог мамандарға сұранысты арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы 2 есе көбейеді. Жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде 2 озық өңірлік оқу орны ашылады" - деді мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасады. Сонымен қата ол 2023 жылға қарай Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетінін айтты.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды