Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қаншалықты артады? БҒМ жауап берді

Бүгін мәжіліс қабырғасында «Педагог мәртебесі туралы» және «Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың жобасы таныстырылды. Бұл орайда білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын қаншалықты арттыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

«Ақшаны әйелі шешіп алған»: СҚО-да шенеунік бюджет қаржысынан 80 млн теңге жымқырған

Білім министрі өз сөзінде мемлекет бойынша мұғалімдердің жалақысының деңгейі орташадан төмен екенін және 110 мың теңгені құрайтынын айтты. Ведомство басшысының сөзінше, келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артады.

«Министрлік педагогтардың жалақысын көтеруге бірнеше рет талпыныс жасады. Алайда өзге салалардағы жалақының өсуі мұғалімдердің жалақысының өсуінен артып отырды. Президентіміздің тамыз конференциясында берген тапсырмаларының аясында, алдағы 4 жыл көлемінде мұғалімдердің жалақысы екі есе артады. Демек, келесі жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға артады», - дейді министр. 

Сонымен қатар ол заң жобасында мұғалімдерге өзінің құзіретін арттыруға бағытталған материалдық ынаталандыру нормалары қарастырылғанын жеткізді.  

«Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе үстемақы, педагогикалық шеберлігі үшін үстемақы, барлық педагог үшін еңбек демалысы мерзімінің 56 күнге дейін ұзартылуы, тәлімгерлігі үшін үстемақы және басқа да шаралар мұғалімдер үшін негізгі материалдық ынталандыру болады», - дейді Аймағамбетов. 

Министрдің сөзінше, сонымен қатар мектептердегі педагогтардың әлеуетінің сапасын арттыруға ынталандыру мақсатында, магистр дәрежесі иегерлеріне 10 АЕК көлемінде (25 250 теңге) үстемақы тағайындау қарастырылып отыр. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...