Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды
Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрліктің таратқан ақпаратына сүйенсек, Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы – келетін шетелдік азаматтар туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді, сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
- Қазақстанда жұмыс істеп, Тәжікстаннан үй алған: Сарыағашта 400-ге жуық мигрант еліне қайта алмай жатыр
- Қазақстанда жеке куәліктердің көшірмелерін жинауға тыйым салынады
“Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингтеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа. Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді”, – делінген ақпаратта.
Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін алуға болады: "Қандас" мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, "Ата жолы" картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және т. б.