Қазақстанда металлургтер күні атап өтілуде: Министрлік құттықтау жолдады

20 шілдеде, Қазақстанда металлург мамандарының кәсіби мерекесі атап өтілуде. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сала мамандарын құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл мереке 2003 жылы президент жарлығымен бекітілген және әр жылдың үшінші жексенбісіне сәйкес келеді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі металлургияның еліміздің индустриалды және экономикалық дамуының іргетасы екенін атап өтті.
"Бұл салада жұмыс істеу – жоғары кәсібилік, табандылық, ісін беріліп жақсы көру мен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен бай тәжірибелеріңіздің арқасында Қазақстан металлургиясы халықаралық аренада лайықты танылып отыр. Осы елеулі күнде сіздерге денсаулық, отбасылық бақ-береке, жаңа кәсіби жеңістер мен үлкен табыстар тілейміз!" — делінген министрліктің құттықтауында.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан