Қазақстанда мешіт имамдары мемлекеттен жалақы ала ма – Министрлік жауап берді
Еліміздегі мешіттерді күтіп ұстауға мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Републикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы көрсетілген.
“Сондай-ақ, қолданыстағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының (әрі қарай - Заң) 3-бабында мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Осы орайда, діни қызметшілердің жалақысы мемлекет тарапынан тағайындалмайтындығын мәлімдейміз. Бұған қоса, жоғарыда баяндалған заңнама талаптарына сәйкес, еліміздегі мешіттерді күтіп ұстауға мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейді", - делінген министрліктің жауабында.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"