Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылданатын болады
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылданатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.
"Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылданды. Алайда қатардағы кәсіпкерлерге ұлттық компаниялардың сатып алулары туралы ақпарат әлі де шынайы әрі қолжетімсіз. Сол себептен, барлығына бірдей мемелкеттік сатып алуды реттеу туралы жаңа заң қабылдауды ұсынамын. Барлық сатып алулар шынайы және барлығына бірдей алаңда жүзеге асуы керек", - деді Тоқаев.
- Мемлекет басшысы шенеуніктердің санын 25%-ға қысқартуға бұйрық берді
- Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні
Сонымен қатар, Тоқаев мемлекеттік тендер алу мәселесіне тоқталды.
"Сапасыз шетелдік тауарлар ұлттық өнім ретінде тендер жеңіп алатын жағдайлар өте көп. Біз бес жылдың ішінде ұлттық өндірісті дамытуымыз керек", - дейді мемлекет басшысы.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ