AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындаудың жаңа ережесі шықты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұдан былай мектеп директорының міндетін атқару үш айдан аспайтын уақытқа және бір реттен аспайтын мерзімге ғана мүмкін болады. Осы кезеңнің ішінде байқау өткізіліп, жаңа көшбасшы тағайындалуы қажет", – деп жазды министр Facebook әлеуметтік желісінде.

Мектеп басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру бос орын пайда болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде ресми сайтта және білім бөлімінің парақшасында орналастырылады.

"Осылайша біз кең қолданылып келген саңылауды алып тастағандай болдық. Бұрын мектеп директорының немесе оның уақытша орнына байқау жарияланбай-ақ міндетін атқаруышыны сайлай салатын болған. Және бұл "уақытша атқарушының" жұмысы ұзақ жылдарға созылатын", – деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Ол бүгінде Қазақстанда бұған дейін жұмысын уақытша "міндетін атқарушылар" жасап келген мектеп басшысы лауазымына 700-ден астам бос орындар бар екенін атап өтті. 

Тағы бір жаңашылдық – уақытша бос орынға жұмысшы да тікелей тағайындау арқылы емес, жалпы конкурс арқылы тағайындалады. Сонымен қатар директор лауазымына конкурсты енді аудандық емес, облыстық білім басқармалары жүргізетін болады.

Олар конкурстық процедураларды ұйымдастырады және директорды анықтайтын болады. Осыдан кейін директордың кандидатурасы туралы құжаттар еңбек шартын жасау үшін білім бөліміне жіберіледі. Еңбек шартын жасау мерзімі де анық 5 жылға белгіленген.

Байқаудың өзі бірнеше кезеңдерден тұрады:

- директор лауазымына үміткерлер өтініш береді;

- білім беру бөлімінің кадр қызметі үміткерді біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалайды, сәйкес болған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберіледі;

- үміткерлер электронды тестілеуден өтеді (басқарушылық құзыреттілік бойынша тесттер, педагогика, психология, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу);

- үміткер мектептің даму жоспарын білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі алдында қорғайды (тестілеуден сәтті өткен жағдайда);

- білім бөлімінде өтетін әңгімелесу (қамқоршылық кеңестің алдында мектептің даму жоспарларын сәтті қорғаған кандидаттарға рұқсат етіледі).

Қамқоршылық кеңестер құрамына ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері, әлеуметтік белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. 

Барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткермен білім бөлімі тиісті еңбек келісімшартын жасайды және оны директор етіп тағайындау туралы бұйрық шығарады.

"Қамқоршылық кеңестің құрамына кандидаттарды бекіту туралы даулар көп болды. Біз осыны ескере отырып, енді қамқоршылық кеңес директорлыққа кемінде екі кандидатты таңдауы қажет деп шештік. Егер аз болса, онда конкурс жарамсыз болып саналады және жаңадан жарияланады", – деп түсіндірді Аймағамбетов.

Егер қамқоршылық кеңес екіден кем кандидатты екі рет таңдаса конкурс жарамсыз деп танылып, онда қатысушы үміткерлердің барлығы келесі кезеңге өтеді. Министрдің айтуынша, бұл тексеру мен тепе-теңдік жүйесінің жұмыс істеуі үшін жасалған шаралар.

Болашақ мектеп директорларына қойылатын талаптар

Білім және ғылым министрлігінің жаңа ережесі бойынша болашақ мектеп директорларында менеджмент курсынан өткен тиісті сертификаты болуы керек.

"Директорлық лауазымға бас мұғалім ретінде еңбек өтілі бар кәсіби мұғалімдер тағайындалуы мүмкін, ал жалпы педагогикалық өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс" , – деді Аймағамбетов.
Сонымен қатар үміткер тағайындалғанға дейін соңғы екі жыл білім беру саласында жұмыс істеген болуы шарт.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр