Қазақстанда мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Қазақстандағы мектептердің бағдарламасына жаңа оқулық енгізіледі. Енді оқушылар "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясын оқиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жақында ашылған Abai tv телеарнасының "Сарасөз" бағдарламасына сұхбат берген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлім етті.
"Қазіргі уақытта ол әзірленіп жатыр. Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зертеу орталығы ашылмақ", - деді Қырымбек Көшербаев.
Бұған дейін ҚР үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және мерекелер күнтізбесіне енгізілгені хабарланды. Алайда, бұл күн қазақстандықтар үшін демалыс күні болып саналмайды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды