Қазақстанда медициналық жабдықтарға кепілдік беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды
Қазақстандық Ordamed медициналық жабдықтардың өндірушісі мен дистрибьюторы кепілді сервистік қызмет көрсету стандартын сату күнінен бастап 60 айға дейін ұлғайтады.
Кепілдік сандық рентгенография жүйелері, пациенттің төсек жанындағы мониторлары және реанимациялық төсектер сынды медициналық техникаларының барлық үлгілеріне жүреді. Бұл Қазақстан бойынша клиникаларда пайдаланылатын барлығы 150-ден жабдық түріне кепілдендірілген қызмет көрсетіледі деген сөз.
"Біздің сервистік инженерлер медициналық қызметкерлермен бірлесіп жүргізген аудиттің қорытындысы бойынша, бізде құрастырылған жабдықтардың өте сенімді, төзімді, тозбайтын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетіні анықталды. Нәтижесінде компания басшылығы барлық шығарылатын өнім үшін кепілдік мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, Ordamed кепілдік берілген сервистік қызмет көрсетудің осындай ұзақ мерзімін ұсынатын Қазақстандағы жалғыз компания бола алды", - деп түсіндірді "Ordamed" АҚ Басқарма төрайымы Юлия Анохина.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын "Ordamed" АҚ Оңтүстік Корея компанияларының тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанда мемлекеттік ауруханалар мен жеке клиникаларда медициналық қызмет көрсетуге арналған заманауи медициналық жабдықтардың бірлескен пилоттық өндірісін іске қосты. Жоба Орта Азиядағы қазақстандық медициналық жабдықтар мен бұйымдар өндіретін ірі зауыттың құрылысына жол ашты.