Қазақстанда медициналық маскалардың бағасы 30 теңгеден асқан жоқ

Қазіргі күні коронавирус мәселесіне байланысты медициналық маскалардың қымбаттап кетпеуі үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

маска

Қазіргі таңда елордада медициналық бетпеделердің жетіспеушілігі байқалады екен.  

«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы бөлшек саудада медициналық масканың жетіспеушілігі байқалады. Кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанынан құрылып, дистрибьютор, жеткізуші, дәріхана желілерімен бірігіп штаб құрылды. Алдымен бұл белгілі бір деңгейде қолдан жасалған дүрлігу деуге болатынын айтып өту керек. Біздің елдегі медициналық маска шығарушылар шикізат болмауы себепті тығырыққа тірелді. Үкімет жақын орналасқан мемлекеттерден шикізат жеткізу мәселесін шешіп жатыр. Жақын арада дүрлігу басылады деп ойлаймыз», - дейді «ҚР фармецевтикалық қызметтін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Гүлсарай Альмурзина.

Сөзінше, қазіргі таңда медициналық маскалардың қымбаттап кетпеуі қадағалауға алыныпты. 

«Қарапайым медициналық масканың бағасы 30 теңгеден көтерілген жоқ. Тұтынушыға 10-20-дан артық сатылмаған. Қауымдастыққа кірмеген дәріхана желілері де бар, олар осы жағдайды пайдаланып бағасын көтерген болуы мүмкін. Негізінде медициналық масканы адам көп жиналған қоғамдық орында және ауырған кезде тағу керек. Дәріханаларда балаларға және ересектерге арналған антибактериалды, антисептикалық сұйықтықтар бар. Онымен қол жууға болады», - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "сау адамға медициналық масканың керегі жоқ" деп кесіп айтқан еді. 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың 20%-ы медицина қызметкерлері

120 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

Солтүстік Қазақстанда 34 мыңнан астам адам азық-түлік пакетін алады

Осы мақсаттарға қаржылық қажеттілік жалпы 575,4 млн теңгені құрайды

Түркістан облысында кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 25 млн теңге бөлді

"Біз біргеміз" акциясы жалғасуда

42500 теңгені алу үшін жалған мәлімет бергендерді қандай жаза күтеді?

Елімізде әлеуметтік көмекке бөлінген ақшаға ауқаттылар да ауыз салған

Әнуар Нұрпейісов Қазақстанға оралды

Актер шетелде немен айналысқанын айтты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 600-ден асты

Ауру жұқтырған тағы 20 адам тіркелді

Дәрігерлер коронавирусқа шалдыққандардың бойында байқалатын аурудың қосалқы белгілерін атады

Аурудың бұл белгілері де қауіпті болуы мүмкін

Коронавирус жұқтырғанын естіген дәрігер өзіне қол жұмсады

Қазіргі таңда оның жарының да коронавирус жұқтырғаны анықталыпты

Өскеменде оқшауланған үйдің тұрғындарына алкоголь жеткізуден бас тартылды

Өскемендегі Потанин көшесіндегі карантинге жабылған үйлердің бірінің тұрғындары полицияның қызметіне наразы

"Коронавирус өтірік әңгіме" деп мәлімдеген Нұрлан Еспанов өз сөзін түсіндіріп берді

Әнші: Досым үйіне 5 қант ұн алып қойыпты
Çàãðóçêà...