Қазақстанда майнинг қызметімен заңды айналысатындарға энергетикалық квота берілмек
Қазақстанда майнинг қызметімен заңды айналысатындарға энергетикалық квота берілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Адал майнерлерге берілетін үлестеменің нақты көлемі қанша болатыны әзірге белгісіз. Бүгін мәжілісмендер алғаш рет майнинг пен криптовалюта туралы дайындаған заң жобасын таныстырды.
Бүгінде заңды түрде мемлекеттік органдарда майнинг компанияларының үштен бірі ғана тіркелген. Заңсыз жұмыс істейтіндердің электр қуатын жөн-жосықсыз пайдаланып жатқанын айтпағанның өзінде, шығын шаш етектен.
Депутаттар энергетикалық квота енгізілсе, проблеманың оң шешімін табатынына сенімді. Сондай-ақ мәжілісмендер криптовалюта өндіруге бақылауды қатаңдатып, ел аумағында криптовалюталық экожүйе құруға күш салмақ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда цифрлық ақша айналымына тыйым салынған.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ