AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ұрылар майнинг фермасынан қымбат құрылғыларды ұрлап кеткен

Шымкентте майнинг фермаға ұрлыққа түскендер сотталды. Қылмыскерлер барлығы 46 құрылғыны ұрлаған. Шығым сомасы шамамен 44 миллион теңгеге тең, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ферма

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, үш азамат криптовалюталарды жинауға арналған жабдықтың орналасқан жерін анықтаған соң, түнде қоршаудан өтіп, жеке аумаққа кірген. Құрылғыларды алған ұрылар бірден кетіп қалған. 

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу барысында полицейлер ұрылардың автокөлігін анықтады. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктілер қала аумағынан ұсталды. Азаматтардың бірі бұрын осы майнинг фермаға электр қуатын жөндеу үшін барғаны және дәл осы азамат қылмысты жоспарлағаны белгілі болды.

Күдіктілер өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды өтеген. Үш ер адам Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша (Ұрлық) кінәлі деп танылып, сот үкімімен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал майнинг ферманы жүргізу жайты бойынша материалдарды Қаратау ауданы Полиция басқармасының тергеушілері Экономикалық тергеу департаментіне жіберді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр