Қазақстанда магистратураға құжат қабылдау 12 желтоқсан күні басталады
Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асады. Ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.
Оның ішінде "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" даярлау бағытына — 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға" — 569 грант, "Педагогикалық ғылымдарға" — 469 грант, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға" — 461 грант бөлінген.
Болашақ магистранттардың құжатын қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өтіп жатыр.
Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық