Қазақстанда коронавирустан екінші адам көз жұмды
Бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекциядан екінші адам өлімі тіркелді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Сәуле Кисықова хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Науқас 50 жаста еді, жедел жәрдем бригадасымен 21 наурызда ауруханаға түсті.
"Өкінішке орай, бүгін бір өлім оқиғасы тіркелді. Ол бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іс-сапарларға байланысты болған. Отбасы мүшелері мен жұмысшылар арасындағы барлық 31 жақын адамдар ауруханаға жатқызылды", - деді Кисықова.
Сондай-ақ, оның айтуынша, үй карантиніне 55 ықтимал байланыста болғандар жіберілген. Кейіннен екі жақын отбасы мүшелерінен коронавирус инфекциясы тіркелді.
Бүгінгі таңда елімізде коронавируспен ауыратындардың 325 жағдайы расталды.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті