Қазақстанда коронавирустан бір науқас көз жұмды
Қазақстанда бір әйел коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
"Бұл шұғыл жиналыс. Өкінішке орай, Қазақстанда коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді. Қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтамын. Бұл жағдай біз үшін орын толмас қаза. Ертең Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оның медициналық көрсеткіштері бойынша толық ақпарат береді. Бұл жағдай коронавирустың қауіптілігін тағы да еске салады. Қазір болып жатқан жұмыстардың барлығы біз үшін сынақ", - деді Абаев.
Stan.kz редакциясы марқұмның жақындарына көңіл айтады!
Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы Қазақстан бойынша 109 науқас тіркеліпті. Оның екеуі ауруынан жазылып шығып, бір адам көз жұмды.