Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 адам тiркелдi, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Алматы қаласында - 16 адам, Атырау облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 7 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 1 адам, Түркістан облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 4 адам коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 сәуірдің 09.15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 202 адам, Алматы қаласында – 109 адам, Қарағанды облысында - 26 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 9 адам, Шымкент қаласында - 12 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 23 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 500 науқас тіркелді.

Түркістан облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды.

Талқылау