Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавлдағы коронавируспен ауырған балаларда қауіпті Кавасаки синдромы тіркелген
Қазақстанда жыл басынан бері коронавирус жұқтырған балалар арасында Кавасаки синдромының үш жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті. Мұндай жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында тіркелген.
"Балалардың жағдайы әртүрлі. Мен Нұр-Сұландағы бала туралы денсаулық бөлімінің басшысымен сөйлестім. Ол жағдайды тұрақты деп сипаттады. Бірақ бұл өте күрделі синдром, ол ерекше назар аударуды талап етеді", - деді Бағдат Қожахметов.
Ол сондай-ақ, Қазақстанда 13 наурыздан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырған 2257 жағдай тіркелгенін айтты. Оның ішінде 114 бала қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлер жедел жәрдем шақыруды немесе баланы өзіңіз ауруханаға келесі жағдайларда апаруға кеңес береді:
- Бала бозарып, дақтарға пайда болса және денесі ерекше суық болса;
- Тыныс алу барысында кідіреді, біркелкі емес тыныс алады немесе дірілдей бастайды;
- Оның тыныс алуы өте қиын, өзін жайсыз сезінеді немесе есінен танып қалса;
- Ерні көгерсе;
- Ұстамалар пайда болса;
- Ол күйзеліп жүрсе (тоқтаусыз жылау), бағынбаса, шамадан тыс ұйқылы күйде немесе сыртқы ынталандыруларға жауап бермесе;
- Басқан кезде жоғалып кетпейтін бөртпе болса (мысалы, сіз шыны стақанның қабырғасымен теріге бассаңыз);
- Тері астындағы ауырсыну болса, әсіресе жасөспірімдерде.
Коронавирус: балалардың өмірі үшін қауіпті Кавасаки синдромы анықталды
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды