Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғаннан кейін марапатталған дәрігерлердің есімдері аталды
Денсаулық сақтау министрлігінде көз жұмғаннан кейін жанқиярлық еңбегі үшін мемлекеттік марапаттар берілген медицина қызметкерлерінің есімдері аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пен пневмониядан қаза болған 42 дәрігерді марапаттады.
Ең жоғары дәреже - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы ерекше төсбелгісімен - "Алтын Жұлдыз" және "Отан" орденімен марапатталды:
Исаев Олег Николаевич - Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі; Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы - Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері.
Қызметтік борышын үлгілі орындағаны, азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша жанқиярлық еңбегі үшін "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" ордендерімен өлгеннен кейін дәрігерлер, бөлімше меңгерушілері, мамандандырылған ауруханалар мен медициналық орталықтардың инфекционистері, сондай-ақ медбикелер, фельдшерлер, санитарлар, жедел медициналық жәрдем станцияларының қатардағы қызметкерлері мен жүргізушілері марапатталды.
І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды:
- Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің орынбасары - Дәулет Арымбаев;
- Шымкент қаласындағы №1 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі - Ағзипа Тәжденова.
ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды:
- Алматы облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - Қайрат Баймұхамбетов;
- "Семей медицина университеті" КЕАҚ университеттік госпиталінің бөлім меңгерушісі - Бекжан Бұланов;
- Жамбыл облысындағы "Алмаз Медикал Груп" ЖШС дәрігері - Эльмира Қырғызалиева;
- Жамбыл облысы Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері - Айдар Мұқатаев;
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды:
- Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері - Алмагүл Демесінова;
- Шымкенттегі "№ 2 қалалық аурухана" МКК дәрігері - Орынбасар Садиев;
"Парасат" орденімен марапатталды:
- Шымкент қаласының №1 мемлекеттік клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі - Мариям Әбдіқұлова;
- Қызылорда көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бас мейірбикесі - Гаухар Әбенова;
- Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы - Бақберген Айжігітов;
- Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Көп салалы медициналық орталық» МКК дәрігері - Олжабай Қожағалиев;
- Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының учаскелік медбикесі - Ольга Лошманова;
"Құрмет" орденімен марапатталды:
- "М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы" РМК дәрігері - Болатбек Айсауытов;
- Алматы облысы Ұзынағаш кентінің орталық аудандық ауруханасының дәрігері - Бегалидин Алашбаев;
- Шымкент қаласындағы "№ 8 қалалық емхана " МКК аға медбикесі - Қафиза Әлмаханова;
- Шымкент қаласындағы "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК фельдшері - Тимур Әуелбаев;
- Ақмола облысы "Егіндікөл аудандық ауруханасы" МКК орта медициналық қызметкерлер - Сәуле Байғабулова;
- Алматы "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК жүргізушісі - Серік Байқұлов;
- Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың мемлекеттік клиникалық ауруханасының аға медбикесі - Гаухар Байменова;
- "Семей медицина университеті" КЕАҚ университеттік госпиталінің дәрігері - Нұргүл Барқыбаева;
- № 2 Атырау облыстық ауруханасының инфекционисі - Жұмабек Дәулетов;
- Ақтөбе облысы Байғанин аудандық ауруханасының орта медицина қызметкері - Егеубай Құлай;
- Қызылорда облысының Қазалы ауданаралық ауруханасының дәрігері - Қоныс Жұбатқанов;
- Қызылорда облысының Қазалы ауданаралық ауруханасының дәрігері - Ескендір Жұмағазиев;
- Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының медбикесі - Айнұр Зикирия;
- Шымкенттегі "Қалалық диагностикалық орталық" МКК дәрігері Бауыржан Күрекбаев;
- Қостанай облысы "Ұзынкөл аудандық ауруханасы" КМК кіші медицина қызметкері - Тамара Макарова;
- Шымкенттегі "№1 қалалық клиникалық аурухана " МКК бөлім меңгерушісі - Жәнібек Мәлібеков;
- Шымкенттегі "Қалалық диагностикалық орталық" МКК дәрігері - Хасым Мамаев;
- Семей қаласының Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының санитары - Владимир Меркуленко;
- Екібастұз қаласындағы №3 емхананың кіші медициналық қызметкері - Айгерім Мұқашева;
- Шығыс Қазақстан облысы "Көкпекті аудандық ауруханасының" офтальмологы - Мұхамедхан Мұсабеков;
- Қостанай облысы "Жітіқара аудандық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің №9 орта мектебінің медбикесі - Елена Новоселова;
- Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы - Елена Папузина;
- Алматы "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК жүргізушісі - Мырзахан Сейтқасымов;
- Атырау облыстық ауруханасының дәрігері - Ғадлет Сұлтанғалиев;
- Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының № 4 емханасының дәрігері - Фарида Түсіпбаева;
- Павлодар облысы "№ 1 емхана" ЖШС орта медицина қызметкері - Гүлбаршын Шарипова;
- Президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігері - Павел Шолох.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
