Қазақстанда көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі
Қазақстанда "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статус енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістегі үкімет сағатында министр жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды. Кодекстегі жаңашылдықтардың бірі отбасын әлеуметтік қолдау жүйесіне қатысты.
"Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі және олар "Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады", - деді Дүйсенова үкімет сағатында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, президенттің тапсырмасымен 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50 пайызы көлеміндегі бастапқы капитал отбасыларға қосымша көмек көзі болады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
