Қазақстанда көкжөтел ауруын жұқтырғандар саны артты
Қостанай облысында вакцина алмаған бес бала көкжөтел жұқтырған. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандар саны республика бойынша да көбейіп келеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көкжөтел – тыныс жолдарының жұқпалы ауруы. Ол ауа тамшылары арқылы жұғуы мүмкін. Бұл кезде науқас қатты жөтеледі, асқынған кезде миды зақымдап, пневмонияны және кіндік жарығын туғызуы мүмкін.
Өткен жылы Қостанай облысында бірде-бір науқас болмаса, биыл бірден бесеуі тіркелді. Негізінен вакцина алмаған балалар ауруды жұқтырып жатыр екен.
“Әлі анасын еміп жүрген бөбектер үшін бұл ауру өте қауіпті. Ол тынысы тоқтап, апноэға әкелуі мүмкін. Тіпті өлімге әкелген жағдайлар бар”, – деп мәлімдеді Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гүлім Досымова.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?