Қазақстанда қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгерді
Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия COVID-19 жағдайы бойынша "сары" және "жасыл" аймақтардағы өңірлер үшін қоғамдық көліктің жұмыс кестесінің өзгергені туралы хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық көліктің жұмысын басқа қызмет түрлерімен үйлестіру туралы шешім қабылданды.
"Жасыл" аймақта орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы бір апта ішінде 23.00-ге дейін ұзартылады.
"Сары" аймақта орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 23.00-ге дейін ұзартылады.
Айта кетейік, мемлекет басшысы қатаң карантин енгізу туралы сөз қозғады. Сондай-ақ Тоқаев медициналық мекемелер коронавирустың екінші толқынына дайын еместігін айтып сынаған еді.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді