Қазақстанда қызметін асыра пайдаланған коллекторлар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Өз қызметін асыра пайдаланып, тұтынушыларды қорқыту, бопсалауға жол берген коллекторлар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Парламент кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты. Ол қазіргі таңда заң жобасы әзірленгеніне тоқталды.
“Өткен жылы тексеру жұмыстары аясында коллекторлық агенттіктер тарапынан көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Сол себепті осы заң жобасын әзірлеп отырмыз. Бұл тұтынушылар құқын қорғауға бағытталған. Яғни, қорқыту, бопсалау әрекеттеріне нақты жауапкершілікті көздейді”, - деді ол.
Сонымен қатар, агенттік төрағасы заң жобасын биыл Парламентте талқылауға ұсынып, жыл соңына дейін қабылдауға тырысатынын да айтты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
