Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек

Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Талдықорған қалалық ІІБ бастығының қыз зорлауына оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция СТАН

Ол істің қай кезеңде екенін айта алмайтынын, әлі тергеу жүріп жатқанын және материал сотқа жіберілген кезде барлығы белгілі болатынын жеткізген.

Сондай-ақ ол осы оқиғадан кейін ішкі істер министрлігінің қосымша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жеке құрам арасында тәртіпті қалпына келтіру және тәртіпті күшейту шаралары үнемі қолданылады.



“Сондай шаралардың бірі – аттестациялау. Кадрлармен жұмыс істеуге бірінші кезекте жауапты орта буын басшыларын тексеріп, аттестациядан өткізіп, талапқа сай келмейтіндерден босатамыз. Өз қатарымызда жетекшілік ету мәселесі басымдықтардың бірі болып саналады. Егер мұндай жайттарды өз қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері анықтаса, кадр бөлімшелері бұл тұлғаларды өздері есепке алмағаны үшін жауап береді”, – дейді Игорь Лепеха.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Талқылау