Депутат Қазақстанда қыз алып қашқандарды 5 жылға дейін соттауды ұсынды
Қыз алып қашқандар 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Fatua.kz
Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобы түзетулерді қарап жатыр.
Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, қыз алып қашқандар бас бостандығынан айыру, айыппұл, қоғамдық жұмыс сынды жазаға тартылады.
"Бәрі жағдайға байланысты. Бұл бір топ адаммен жасалса, кәмелетке толмаған балаға қатысты болса, қандай да бір зиян келтірілсе, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма", бәрі ескеріледі”, – деді депутат.
Бұған дейін бұл жалпылама “Адам ұрлау” деп қарастырылатын. Енді қызды үйлену үшін ұрлау деп бөлек қарастырылмақ.
Еске салсақ, Қазақстанда енді адам аңдығандар қылмыстық жазаға тартылатыны айтылған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты