Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кімдердің мұғалім болып жұмыс істеуіне тыйым салынады

Қазақстанда психикалық және мінез-құлық аурулары бар тұлғаларға мұғалім болып жұмыс істеуге тыйым салынады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мұғалім

«Іс-әрекетке қабілеттілігі шектелген, психикалық және мінез-құлық ауруларымен бақылауда тұратын тұлғалардың педагогикалық қызметпен айналысуына тыйым салынады», - деді министр. 

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов педагогтарға қойылатын талаптарды жоғарылату жоспарланып отырғанын айтты. 

«Заң жобасы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагог ретінде кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін тұлғалар педагогтық біліктілігін растауы тиіс болады деп болжануда», - дейді Аймағамбетов. 

Талқылау