Қазақстанда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша “шартты түрде бас бостандығынан айыру” жазасы алынып тасталмақ
Бас прокуратур денсаулыққа ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін шартты түрде жаза тағайындауды алып тастағысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Бұл туралы бас прокуратура жанындағы үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болды.
"Қазір мәжіліс депутаттары жаңа түзетулермен айналысып жатыр. Біз Қылмыстық кодекстің 106 және 107-баптарынан денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргені үшін "бас бостандығын шектеу" сияқты жаза түрін алып тастау туралы айтып отырмыз. Тек "бас бостандығынан айыру” жасазы ғана қалатын болады", –деді бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.
Еске салсақ, осыған дейін бас прокурор төбелес пен жанжал жиі шығатын мекемелерді жабу керегін айтқан болатын.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған жалғызбасты ана қаза тапты
Қызы: "Дені сау адам өз аяғымен таза талдауларымен клиникаға кірген еді"
Ата-анамызды асырауға міндеттіміз бе? Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді
Желі қолданушысы: “Міндетті емес, бала “мені өмірге әкел” деп ешкімнен өтінген жоқ”