Қазақстанда қылмыскерлердің 80%-ға жуығы жұмыссыздар
Қазақстанда жыл басынан бері 20 мыңға жуық адам қылмыс жасаған. Finprom сарапшылары келтірген мәліметке сүйенсек, қылмыс жасағандардың 79.2%-ы жұмыссыздар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыскерлердің басым дені Алматы облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді. Заңды ең аз бұзатындар - қызылордалықтар.
20 мың құқық бұзушының ішінде:
18.5 мың - Қазақстан азаматтары,
464 - ТМД елдерінің азаматтары,
69 - ТМД-ға кірмейтін мемлекеттердің азаматтары.
Қылмыскерлердің 17 мың 500 - ер, 2 мың 500 - әйел.
"Заң бұзушылардың 79.2% жұмыссыздар. Олардың қатары бір жылда 3.3%-ға қысқарды. Тағы 1,4 мың адам жұмысшы, 381 адам — мемлекеттік қызметкер, 339 — білімгерлер, 261 — жеке кәсіпкерлер", - деді сарапшылар.
Негізінен ұрлық, алаяқтық, ұсақ жымқыру сынды қылмыс түрлері жиі кездеседі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?