Оралда такси жүргізушісі мен оның досы жолаушы қызды зорлаған: Күдіктілер жазаланды
Оралда клиентін зорлаған такси жүргізушісі мен оның досы сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Қылмыс өткен жылдың тамыз айында жасалған. Құрбысына қонаққа барған 26 жастағы қыз танымал қолданба арқылы таксиге тапсырыс берген. Жүргізуші басқа жолаушымен келіпті. Бойжеткен көлікке отырып, жолаушының қолында бір бөтелке алкоголь барын жолда ғана байқаған.
Такси жүргізушісі және досы бойжеткенді елсіз жерге апарып, ұрып-соғып, зорлаған.
26 мамырда сот отырысы өтті. Қылмыскерлерге ең ауыр жаза тағайындалып, әрқайсысы сегіз жыл бас бостандығынан айырылды.
Ер адамдар жазасын орта қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн