Қазақстандықтар келесі жылдан бастап электронды түрде петиция бере алады
Қазақстандағы электрондық петиция веб-сайты 2021 жылдың екінші жартысында іске қосылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Онлайн петицияларға бюджеттік қаражатты жұмсаудың қажеті жоқ деп есептейміз. Біз азаматтық бастамашылықты ұсынатын түрлі қауымдастықтармен және компаниялармен жұмыс істейміз, негізінен олардың ресурстары пайдаланылатын болады", - деді Мусин.
Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігімен бірге нормативтік-құқықтық актілер пысықталатын болады.
"Біздің жоспарларымызға сәйкес, бұл сайт 2021 жылдың екінші жартысында іске қосылады", - деп аяқтады Мусин.
1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде онлайн-петициялар институтын құруға бұйрық берді. Мемлекет басшысы онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты қазақстандықтарға түрлі салалардағы реформалар бойынша өз ұсыныстарын жіберуге мүмкіндік беретіндігін баса айтты.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған