Қазақстанда кедейлер саны артып, көпжылдық рекордты жаңартты
2023 жылдың үшінші тоқсанында жүргізілген сауалнама нәтижелері Қазақстан халқының 5,6%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен екенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Бұл ақпартты Ұлттық статистикалық бюро жариялады.
Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 51 710 теңгені құрады.
Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында – 9,6%, ал ең төмені Қарағанды облысы мен Астана қаласында – 2,7% тіркелді.
Бес және одан да көп адамы бар отбасылардағы кедейшілік деңгейі 10% құрады, бұл кедейшіліктің орташа деңгейінің екі есесі.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз Қазақстан тұрғындарының саны екінші тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, 1,1 миллион адамнан асты. Бірінші несие бюросы бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады