Қазақстанда қайтадан карантин енгізіле ме: Денсаулық сақтау министрлігі айтып берді
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында Қазақстанда карантин енгізілу мәселесіне қатысты айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есмағамбетованың айтуынша, елдегі жағдай соңғы аптада әлдеқайда нашарлаған. Бірақ коронавирустың өршуі әр аймақта әртүрлі байқалуда. Сол себепті, Қазақстан толығымен карантинге жабылмайды.
"Бүгінде карантиндік шараларды аймақ бойынша күйшейту мәселелері жүргізіліп жатыр. Соңғы аптада елімізде коронавирустық инфекцияның таралуы 6 есеге өсті. Бірақ әр аймақта жағдай әр түрлі. Сондықтан карантин шаралары тек аймақтар бойынша жасалып жатыр", - дейді Есмағамбетова.
Сонымен қатар, Есмағамбетова еліміздің көптеген облыстары жасыл аймақта екенін айтты.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіге таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды