Қазақстанда қайтадан боран басталады
Қазақстандық синоптиктер 3 наурызда сегіз облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екіпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел тұрып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екіпіні күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.