Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қатаң карантин мен локдаун қандай жағдайда енгізіледі

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда қандай жағдайда локдаун енгізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Дельта штаммның таралуын ескере отырып, соңғы екі аптада республикада барлық дерлік өңірлерде аурушаңдықтың өсуі байқалады. Сырқаттанушылықтың өсуі 1,9 есе құрады. Өңірлер бойынша 8 шілдедегі жағдай бойынша инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылуы 37 пайызды, реанимациялық төсектердің – 32 пайызды құрайды", – деді Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.

"Елімізде қатаң карантин енгізу жоспарда бар ма? Бұрын сіз локдаунға кіру үшін төсек-орын сыйымдылығы 70 пайыз болуы керек деп айтқансыз. Бүгінгі таңда бұл ережелер бар ма” – деген журналист сұрағына былай жауап берді: 

"Біз бұл ережелерден бас тартпаймыз. Біз міндетті түрде осы ережелерді ұстанамыз. Қазір республика бойынша төсек-орын толтырудың 37 пайызды құрап отыр. Біз барлық мүмкіндіктерімізді пайдаланамыз. Көрсеткіш 70 пайыздан асқан кезде бұл мәселені қарастыруға тура келеді", – деп жауап берді Шоранов.

Талқылау