Қазақстанда қашықтан оқу екінші тоқсанда да жалғасуы мүмкін
Қазақстандық оқушылар екінші тоқсанда қашықтан білім алуды жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігі бұрынғыдай оқытуды онлайн-режимде өткізу керек деген ұстанымда. Әзірге тек 1-4 сыныптар үшін офлайн режимін кезекші топтарда және шағын жинақталған мектептерде 180 балаға дейін сақтау керек", - деді ол брифингте.
Комитет басшысы оқу жылының басында офлайн оқыту немесе онлайн оқыту қажет пе деген пікірталастар көп болғанын айтты.
"Бүгінгі статистика мектеп оқушыларының ауруларының алдын алуға бағытталған осы шаралардың негізділігін растайтын шығар. Яғни, тек 180 адамнан аспайтын мектептер мен 1-4 сыныптағы кезекші топтар үшін қашықтан оқыту және офлайн режимде оқытуға рұқсат беріледі", - деді Айжан Есмағамбетова.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар