Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша берілетін несиелердің мерзімі ұзартылмақ

Қарапайым заттар экономикасы" бойынша берілетін несиелердің мерзімі ұзартылмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында айтқандай, экономиканың неғұрлым басым салаларында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде кредиттеу мерзімін ұзарту туралы мәселе пысықталуда.

“Аграрлық-өнеркәсіп кешені және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы 15 басым қызмет түрлері бойынша 7 жылға дейін кредит беру ұсынылды. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарына өзгерістер енгізу шеңберінде мемлекеттік сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін бекітуге көшу көзделген", – деді Тимур Жақсылықов.

Оның сөзінше, бұл шара аясында түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесін дифференцияциялау көзделген.

"Мемлекет басшысының әкімдіктердің функционалдығын қамтамасыз ету және халық үшін неғұрлым маңызды мәселелер бойынша үйлестіруді күшейту туралы тапсырмасын іске асыру үшін өңірлер әкімдері орынбасарларының санын қолданыстағы санына 1 бірлікке ұлғайту ұсынылады. Бұл ретте бастама жергілікті атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру үшін орнатылған лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады", – деді Тимур Жақсылықов.

Талқылау