Қазақстанда қант тапшылығы болмайды – Сауда министрлігі
Сауда және интеграция вице-министрі Қайра Төребаев елде қант тапшылығы болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Вице-министр қант тапшылығына қатысты мәселе жақында ғана болғанын айтады.
"Сондай-ақ елдегі қант зауыттарына көмек көрсетіліп келеді. Олар қызылшаны өңдеп, импорттық шикізаттарды пайдаданады. Сәйкесінше жұмыс жүріп жатыр, сондықтан мұндай мәселе болады деп ойламаймын. Қант апшылығы орын алмайды", – деді Қайрат Төребаев.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Төребаев елде сиыр еті бағасының өсуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.
"Жыл сайын біз Өзбекстанға 20 мың тонна сиыр етін экспорттаймыз. Ал бағаға келсек, ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылдың басынан бері баға индексі 8,4% өсті. Бір аптадағы баға өсімі 0,6%. Қазір елдегі 20 аймақта да баға өсімі байқалады. Әр аймақта әртүрлі. Біз айтып отырған Түркістан облысында баға өсімі 3%. Ресми статистикаға сәйкес, орташа бағасы 2800 теңге", – деді вице-министр.